Қазақстанда жақын күндері аяз 33 градусқа дейін күшеймек

Дүйсенбі, 15 Ақпан , 2016 13:25

16-18 ақпан аралығында елімізде күн қайта суытып, аяз күшейеді. Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлады.

10022823

Сурет newskaz.ru сайтынан алынды

Әсіресе, батыс облыстар да қар қалың түсуі мүмкін. Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

“Қазақстандағы ауа-райын анықтаушы антициклон, циклонның ығыстыруымен Алтайға, Ресейдің Еуропалық оңтүстік-шығыс аумақтарына кетуде. Циклонның келуімен, Еліміздің батыс және солтүстік-батыс облыстарында бұлтты, жауын-шашынды, кей жерлерде бұрқасын, 15-25м/с  жел мен көктайғақ күтіледі”, – делінген хабарламада.

Қазақстанның басқа аумақтарының көбінде жауын-шашын түспейді. Сонымен қатар солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлеріндегі көріну қашықтығы 500м тұман, 28-33º суық болу қаупі сақталады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар