Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жақын күндері ауа-райы тағы да құбылмақ

Қазақстан аумағында алдағы үш тәулік көлемінде құбылмалы ауа-райы күтілуде. Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлады.

9860101

Сурет newskaz.ru

Атмосфералық процестердің жедел ауысуы көктемге тән белгілер болып табылады. Қазақстанға 13 сәуірде жылжыған антициклон, Монғолияға ауысуда, солтүстік-батыс тропосфералық ағындар оңтүстік-батысқа ауысуда.

Солармен бірге көктем маусымының жоғары температурасын арттыратын, Иран аймағынан бізге жылы ауа келуде. Алдағы үш тәулікте республиканың барлық аумағы бойынша әдеттен тыс жылы ауа райы күтілуде. Күндізгі температура 6-15º нормадан жоғары +20-25ºС, оңтүстіктің шеткі аудандарында +31ºС дейін көтеріледі.

Талқылау