Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруде бақылау күшейтілді

Жұма, 14 Сәуір , 2017 15:00

Ішкі істер министрлігінің шешімімен енді 25 аудандық тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшесінде алғаш рет жүргізуші куәлігін алатын тұлғалардан емтихан қабылдау және куәлік беру жүргізілмейді.

20161005125613

Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК Facebook-тағы парақшасында жариялады.

«Қазіргі таңда Арнайы ХҚКО-лардың жұмыс тәжірибесін сараптай келе, жемқорлыққа жол бермеу мақсатында 25 аудандық тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшесінің жүргізуші куәлігін алғаш алып отырған жүргізушілерге мен емтихан қабылдау және куәлік беру құқығын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл бөлімшелер Арнайы ХҚКО-ларға және ІІБ ірі тіркеу-емтихан бекеттеріне жақын маңда орналасқан. Ал жүргізуші куәлігі бар азаматтар бұрынғыша аталмыш бөлімшелерден куәлік телнұсқасын алуларына немесе ауыстыруға болады», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Хабарламада аталып өткендей, жүргізуші куәлігін бірінші рет алатын азаматтар тек Арнайы ХҚКО-лардан, қалалық және ірі ауданаралық тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшелерінен ала алады. «Сонымен қатар, емтиханды арнайы комиссия қабылдайтын болады. Комиссия құрамына қоғамдастық өкілдері мен басқа да ІІБ қызметкерлері кіреді», – деп түсіндірді ведомствода.

Тағы да оқыңыз:

Бас прокурор: Әйелді ұратындарды қоғамдық жұмысқа салу керек

Бас прокурор: Арнайы курстан өтпегендердің неке қиюына рұқсат бермеу керек

Жаңа әліпбиге көшкенде қазақстандықтардың есімін, ақшасын, құжаттарын ауыстыруына тура келеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар