Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнеткер әжей туған ұлынан алимент өндіріп алды

Ұлын сотқа берген зейнеткер сотта ақыры жеңіп шығып, ай сайын 7 мың теңге төлемге қол жеткізіп отыр. Кәмия Мұқашева алғашында баласы Марғұланнан 20 мың теңгеден аса алимент талап еткен. Бірақ тараптарды тыңдаған сот, алимент көлемін үш есе қысқартыпты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

454545

Баласын сотқа берген ана туралы өткен айда хабарлағанбыз. Жанжалдың басталуына отбасындағы кикілжің себеп. Он бала туса да, қартайғанда жалғыз қалған Кәмия Мұқашева 60 мың зейнетақы ас суыма жетпейді деп ортаншы ұлынан алимент талап еткен еді.

Анасынан бас тартқан Марғұлан болса, «бала кезімде дұрыс бақпады» деп, ақша төлеуден ат -тонын алып қашқан-ды. Енді туыстардың дауына сот нүкте қойды. Ал Кәмия әжей, аз да болса, 7 мың тұрмысыма сеп болар деп отыр.

“Сот болғасын оның шешіміне көндік, жарайды. Ойлағам 22-25 мың теңге бола ма деп. Пәтерақыны төлеп тамақ алам. Жасыратыны жоқ, ет жоқ, ет қымбат. Нан, сүтке, шайға жетеді”, – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Кәмия Мұқашева.

Оқи отырыңыз:

Депутат Жамалов ХҚКО-да қаза болған ер адамның туыстарынан кешірім сұрады

Алты баласын қараусыз қалдырып кеткен ана: Мен оларды тастаған жоқпын

Алматыда шетелдік қонақтарды қабылдайтын караоке атын жамылған секс-орталық жұмыс істеген

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Талқылау