Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ұрылар ұрланған телефондарды сатып, пайдалана алмайды

Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы азаятын болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанды цифрландыру туралы сұхбатында айтты.

Сұхбат «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.

«Ұялы телефонды IMEI-код арқылы табу мүмкін болмай отыр. Бұдан бөлек, нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездеседі. Бұл мәселені құрылғының IMEI-кодын иесінің ЖСН-ы мен абонент нөміріне байланыстыру арқылы ғана шешуге болады. Телефон осылай тіркелген кезде, ұялы телефонды ұрлау мүлдем тиімсіз болады», – деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, ол бұл шаралардың 2019 жылдың қаңтарынан бастап іске қосылатынын айтты.

«2019 жылдың қаңтарынан бұл қызмет тіркелмеген телефондарға көрсетілмейді. Аазаматтардың ұялы байланыс операторы бөлімшелеріне барғысы келмейтін жағдайлар да болады. Осындай жәйттердің барлығы бірігіп, әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін. Осы себепті біз қазір тіркеу процедурасын оңтайландырумен айналысып жатырмыз. Осы кезде баламалы тәсілдер мен ЭЦҚ, SMS және USSD-командалар арқылы онлайн тіркеу шаралары қарастырылуда», – деді ол.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбелік жігіт валентин ашықхаттарын жою үшін іс-шара ұйымдастырды (видео)

12 жасар бала кириллицаны латынға ауыстыратын бағдарлама ойлап шығарды

Өскеменде көршісінің итін сойып жеген азаматқа үкім шықты

Талқылау