Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Бейсенбі, 2 Маусым , 2016 12:57

ҚР білім және ғылым министрілігінің мәліметі бойынша, ҰБТ 2-15 маусым аралығында өтеді. Тестілеуге 86 991 оқушы қатысса, оның 63 021-і қазақ, 23 970-ы орыс тілді мектеп түлектері.

na_glavnuyu

Сурет edu.gov.kz

Тестілеу арнайы жарақтандырылған 166 орында өткізіледі. Оның ішінде ҰБТ өткізуге 116 аудан орталығындағы мектептер, 50 облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарының ғимараттары таңдап алынған.

Барлық тест қабылдау орталықтарында мемлекеттік комиссия қадағалайды. Ұлттық бірыңғай тестті қабылдау орындарында 2250 бейнебақылау камералары, ұялы телефонды тыңдау құрылғылары және өзге де техникалық аппараттар орнатылған.

Сонымен қатар, ҚР білім және ғылым министрлігі білім жүйесін бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов хабарлағандай, осы жылы 50 балдан артық жинай алмай қалған түлектерге, тестті қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Олар 2016 жылы тамыз айында кешенді тестке қатысып, жоғарғы оқу орындарына түсе алады. Қайта тапсыру ақылы түрде жүзеге асады. Ол үшін мектеп бітірушілер 2242 теңге төлеуі тиіс.

Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша 2016 жылы түлектер үшін 31 700 грант бөлінді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар