Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда “тыныштық күні” басталды

Бүгін 19 наурызда Қазақстанда “тыныштық күні” басталып, сайланушыларға үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды.

vyiboryi

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

20 наурызда ел Мәжілістің және жергілікті мәслихаттардың сайлауында дауыс береді.

“Сайлау күні және осы күнге бір күн қалған кезде үгіт-насихат жүргізу жұмыстары тоқтатылады”, – деп “Сайлау” туралы заңның 32 бабында жазылған. Мұнымен қатар, заң БАҚ өкілдеріне бес күні бойы сайлау туралы қоғам пікірі мен болжам сынды материалдарды жариялауға тыйым салады.

Биылғы 13 қаңтарда Мәжіліс депутаттары бесінші шақырылым депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуды және жаңа Парламент сайлауын тағайындауды сұрап, бастама көтерген-ді. Нұрлан Әбдіров бұл шешімнің елдегі экономикалық жағдайдың ушығуына байланысты қабылданғанын айтты.

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтеді. Кампания аясында төменгі палатадан 107 депутат таңдалады, оның ішінде 98-і партия тізімі бойынша, тағы тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясынан.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін Ерке Есмаханның депутат болғысы келіп жүргендігі туралы жазған болатынбыз.

Талқылау