Қазақстанда туылған ару “Әлем аруы” байқауында ең сұлу 20 қыздың қатарына кірді
Қазақстанда туылған ресейлік ару Анастасия Лесина «Әлем аруы» байқауында Best Performance («Үздік қойылым») аталымына ие болды.
Фото: vk.com
Анастасия Лесина Петропавлда дүниеге келген. Алайда «Әлем аруы» халықаралық байқауында Балтық елінің намысын қорғады.
«Екі ай дайындық зая кетпеді. Қанша жүйке жұқарды. Енді, міне, менің сүйікті жұбайым үздік 20 арудың қатарында! Қымбаттым, сен ең әдемі, ең ақылды жансың. Ұлым екеуміз үшін жеңімпаз – сен! Біз сені жақсы көреміз», – дейді Анастасияның күйеуі Артем Лесин Вконтакте желісіндегі жазбасында.
Айта кетейік, бұл байқауда бүкіл әлемнен 80 ару қатысты. Бас жүлде Австрияның намысын қорғаған 28-жастағы украиналық ару Ольга Торнерге бұйырды.
Жіберіп алмаңыз:
Әлем аруы атанған супермодель ислам дінін қабылдады (фото)
Мұсылмандықты қабылдаған «әлем аруы» Дубайға көшіп келді
“Әлем аруы – 2015” атағын испаниялық ару жеңіп алды (фото)
Регина Вандышева «Әлем аруы» тізіміндегі үздік 15-тік қатарынан көрінді