Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда төңкеріс жасамақ болған ресейлік политтехнологқа қатысты сот үкімі шықты

Қазақстанда төңкеріс жасамақ болған ресейлік политтехнолог Петр Милосердов 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол экстремистік ұйымды ұйымдастырды деп айыпталған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Милосердов Ресейдің Қылмытық кодексінің 282.1-бабы 2-бөлігі (Экстремистік ұйымды ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімі бойынша, ол екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі түрмеде өтейді. 

Тергеу нұсқасы бойынша, Милосердов Қазақстанда конституциялық құрылымды тұрақсыздандыру үшін экстремистік ұйым құрған. Ол 2018 жылдың қаңтар айында тұтқындалды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр