Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда терроризмді насихаттаған 10 адам ұсталды

Қазақстанда терроризмді насихаттап келген 10 адам ұсталды. Олар Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының тұрғындары.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, күдіктілер әлеуметтік желілерде экстремистік жолмен терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырғаны үшін ұсталды. Месенджерлерде осындай сарындағы ақпарат таратқан. Чаттар мен қоғамдастықтарда діни материалдар насихаттаған. Оған 15 өңірдің 180 діндары қатысқан.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 27 қазанда күдіктілерді арнайы операция барысында ұстады.

«Сонымен қатар ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде. Тергеу іс-шаралары жалғасуда», – делінген ведомстводада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау