Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тері рагын анықтап беретін мобильдік жүйе іске қосылды

Skin Scan – Қазақстан аумағында аналогы жоқ, тегін мобильдік қосымша. Мұны өз смартфоны арқылы кез-келген адам пайдалана алады. Бағдарламаның мақсаты – адамдар тегін жүйенің көмегімен тері рагын өздері-ақ анықтай алады.

ыыыы

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

“Қосымша арқылы теріге рентгендік кескін жасалынады. Ол кескін базада сақталады. Бір айдан соң тағы да суретке түсіріп жаңа терінің қаншалықты өзгергендігін байқауға болады. Қосымша оның өлшемі мен көлемін де анықтап береді. Егер қандайда бір өзгеріс байқалатын болса, онда дермотолог немесе онкологқа барып тексерілуге болады”, – дейді “Ракқа бірге қарсымыз” атты қайырымдылық қорының атқарушы директоры Гүлнар Кунирова.

Ол сондай-ақ, мобильдік жүйенің адамдардың өз денсаулығына мән беріп, кәсіби мамандарға қаралуы үшін жасалғанын да атап өтті. Тиісінше, тұрғындар осы қосымшаның көмегі арқылы өз терісінің ультракүлгін индексі туралы да ақпарат ала алады.

Статистикаға сүйенсек, тері рагы бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға шыққан. 2015 жылы меланома диагнозы бойынша елімізде 440 дерек, ал тері рагы бойынша 3421 дерек тіркелген. Меланомадан 102, тері рагынан 164 адам қайтыс болған.

Мамандардың айтуынша, тері рагы қазіргі таңдағы жылдам таралатын аурулардың қатарына жатады. Онкологтар жаңадан пайда болған теріні екі жылда бір мәрте тексертіп тұруы керек дейді.

Талқылау