Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда девальвация болып жатыр ма? Бұл сұраққа экономика министрі жауап берді

Теңге құнының кенет түскенін құнсыздану деп есептеуге болмайды. Мұндай мәлімдемені Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жасады, деп хабарлайды Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Қазақстанда теңге құнсызданып жатыр ма? Бұл сұраққа экономика министрі жауап берді

Оның айтуынша, валюта нарығындағы өзгерістердің ұстамды әсері бар, жыл басынан бері теңге тек 4,3 пайызға ғана құнсызданды. Демек, бюджеттен белгілі курспен бөлінген мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына еш кедергі жоқ.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, үшжылдық бюджетті дайындар алдында сарапшылар АҚШ мемлекетінің ақша-кредиттеу саясаты мен Ресейге қарсы санкциялары әсер беріп жатқан валюта нарығын талдайды. Алайда олар біздің мемлекеттің мүддесіне қатысты емес. Тіпті америкалық әріптестер Қазақстанның мүддесін есепке аламыз деп уйде де берген. 340 теңге курсы бойынша есептелген республикалық бюджет қайта қарастырылмайды. Бірақ Ұлттық банк қажет болған жағдайда теңге құнын тұрақтандыру үшін интервенция жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

«Бюджетте жылдық орташа курсын есептейміз. Ол 340 теңгеден асу үшін, жыл соңына дейін 363 теңгеден асу керек. Жыл басында теңге құны 340 тан төмен болғандықтан республикалық бюджеттің атқарылуына еш кедергі көріп тұрған жоқпыз», – дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Министрдің бұл жұбатқаны қарапайым халыққа жаға қоймас. Теңгенің құны төмендегенін бірінші сезетін қарапайым халық нарықтағы бағалардың көтерілгенін көріп, ойын сан-саққа жүгіртіп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау