Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғыны шөп шеккені үшін аула тазалайтын болды

18 жасар Қостанайлық жігіт шөп шеккені үшін көше тазалаумен жазаланды. Жігіт Қарабалық көшесін 70 сағат тазалайтын болды.

Жігіт күз айында Тоғызақ өзенінің жағасында шөп шегіп отырғанда ұсталған болатын. Ол киім ауыстыратын жерде қорқорға ұқсайтын шыны ыдыстан демалап отырып, кендір шегіп отырған.18 жасар жігіт ҚР ҚК-нің 296 бабы, 1 тармақ бойынша  елікткіш заттарды, ес ауыстандырғыш заттарды, өткізу мақсатынсыз, заңсыз түрде қолданғаны  үшін жауапкершілікке тартылды.  Қостанай облысы, Қарабалық аудандық сот жігітке  70 сағат қоғамдық жұмысқа салу жазасына берді.

Негізі, сот 100 МРП дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзету шаралары өткізуге құқылы.  Не болмаса 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа салуға немесе 45 тәулікке қамауға алынады.

Талқылау