Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 қазанда Қазақстанда теле және радиоарналардың хабар таратуы тоқтатылады

Бүгін, 17 қазанда, Қазақстанда жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты, теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады.

17 қазанда Қазақстанда теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады

Бұл туралы «Қазтелерадионың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Баспасөз қызметінде тараған мәліметке сәйкес, теле және радио арналардың жұмысы сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.

«2018 жылдың 17 қазанында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) «Қазтелерадио» АҚ-ның жерсеріктік және эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде теледидар мен радио сигналдардың жойылып кетуімен жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады», – делінеді хабарламада.

Өз кезегінде «Қазтелерадио» қазақстандықтардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау