Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда таяу күндері бұрқасын болып, күшті жел тұрады

28-30 қаңтардағы ауа райын болжамына сәйкес, Республиканың басым бөлігінде қалың қар түсіп, боран соғады деп күтілуде.

tn_205082_1251788d0a06

Бұл туралы Қазгидромет РМК хабарлайды.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында циклонның өтуімен және атмосфералық ағындарға байланысты қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Жолдың көрінуі 500 метрге дейін нашарлайды, жел 15-20, екпіні 25-28 м/с-ға жетеді.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылбысқы қар жауып, тұман түседі, көктайғақ орын алып, температура төмендейді.

Талқылау