Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда таңдаулы тауарлар «Ұлы Дала Елі» брендімен шығады

 Қазақстанда тек жоғары сапалы өнім мен қызмет көрсететін кәсіпорындар ғана «Ұлы Дала Елі»  брендімен шығарылады.

50

 

Бұл туралы ИА “Новости-Казахстан”  хабарлайды.

«Жағымды жаңалықпен бөліссем, біз «Ұлы дала Елінің тауарлары» атты жалпыұлттық бренд  құратынымызды жариялаймыз. Мемлекет басшысы Қазақстан “Ұлы Дала Еліне” айналуы керек деген.  Біз Елбасының сол бастамасын қолдап, «Ұлы Дала Елінің тауарлары» деген бірыңғай бренд құрмақпыз»,-деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Оның айтуынша, бұл белгілі тауар таза қазақстандық өнім екенін, халық арасында өте танымал және өте сапалы екенін білдіретін болады. Және осы брендке қосатын тауарлар тізімін белгілемес бұрын, кәсіпорындар арасында аудит жүргізіледі.

“Себебі, тауарды кәсіпорын шетелден әкеліп, «Қазақстанда жасалған» деген белгіні жапсыра салмағанына көз жеткізуіміз керек. Екіншіден, тауардың сапалы екенін дәлелдеуі керек. Үшіншіден, ол тауарды халық қолдауы керек»,-деді ол.

Әзірге «Рахат» кәмпиттерін, «Эйр Астана» компаниясын, Алматының апортын «Ұлы Дала Елінің» тауарлары брендіне қосуға болатынын атап өтті.

 

 

м

Талқылау