Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тамыз айы жауын-шашынға толы болмақ

Тамыз айында Қазақстанның шығысы мен оңтүстігі және солтүстігінде жауын көп түспек. Сондай-ақ, осы айда ауа температурасы да төмендеп, ауа-райы жиі құбылады.

11292859

Фото: newskaz.ru

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Бұл айда ауа температурасы күндіз +30, ал түнде +23 градус болады деп күтілуде. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында күндіз +22, түнде +15 градус көрсетпек. Ал қалған аумақтарда бұл көрсеткіштен 1-2 градус жоғары болуы мүмкін”, – дейді синоптик Оксана Васюкова.

Оның сөзінше, айдың басында батыс пен шығыс аймақтарда қатты жаңбыр жауып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. ШҚО-да тіпті бұршақ түсуі де ықтимал. Содан кейін 4-6 тамыз аралығында күн қайта жылынып, батыста +38, +30, оңтүстік батыста +41, солтүстік батыс, солтүстік, солтүстік шығыс және орталықта +38, ал түнде +28; оңтүстік пен оңтүстік шығыста +38, ал түнде +33 болады деп болжануда.

“Алайда жылы ауа ұзаққа созылмайды. Алғашқы онкүндіктен соң ауа температурасы күндіз +30, ал түнде +15 градусқа дейін төмендейді. Екінші және үшінші онкүндіктің алғашқы жартысы жауынсыз өтуі мүмкін, ал соңына қарай суық ауа массасы келіп, салқын жаңбыр түседі деп күтілуде. Орталық аудандарда аяз болуы да мүмкін”, – деді синоптик.

Астана қаласында тамыз айында ауа температурасы салқын әрі жаңбырлы болады. Алғашқы аптада температура +18-23 градус аралығында сақталса, 7 тамыздан соң солтүстік бағыттағы жел мен жаңбыр күшейеді. Температура түнде +13-18-ден +5-10-ға, күндіз +23-28-ден +15-20-ға дейін төмендейді.

Алматылықтар үшін де тамыз айы қалың киінуге мәжбүрлейтін ай болмақ. Алғашқы он күннен кейін ауа температурасы +12-17-ден +18-23-ке дейін көтеріледі. Ал күндізгі көрсеткіш +33+38-ді көрсетеді. Алайда келесі аптаның ортасына қарай, шамамен 10-12-ші тамыз кезінде белсенді циклонның келуіне орай жаңбыр жауып, түнгі температура +10-15, күндіз +23-28 аралығында сақталады.

Талқылау