Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болуы мүмкін

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 13:53

Қазақстанда Евразиялық ынтымақтастық күні деп аталатын тағы бір мереке пайда болуы мүмкін.

8403d08c6ecc37e07a4ba7dc40859410

Фото: volsu.ru

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“ҚР және Евразиялық кеңістік: қазіргі заман және даму перспективасы” деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференция аясында мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Евразиялық ынтымақтастық күні деген мейрамды бекіту керек деп ұсыныс жасады.

“Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың евразиялық ынтымақтастық туралы идеясы әркез өзекті және халықаралық қоғамдастық үшін пайдалы. Экономикалық серіктестікке, мәдениеттің бітеқайнасып дамуына, әлемнің қарыштап дамуына үлес қосатын мұндай идея қажет-ақ. Қазіргі таңда евразиялық ынтымақтастық деп аталып жүрген тарихи процестің қайнар көзі Қазақстаннан бастау алған. Бәріне белгілі, 2014 жылы 29 мамырда Астанада Евразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойылды. Сол себепті ынтымақтастық идеясын насихаттап, Қазақстанды осы идеяның авторы ретінде бекіте түсу үшін “Евразиялық ынтымақтастық күні “деп аталатын мерекені енгізуді ұсынамын”, – деді депутат.

Оқи отырыңыз:

Мәдениет министрі «төсекке сүйремек болды» деп тағы бір алматылық бойжеткен мәлімдеме жасады

Америкада видео ойынға беріліп кеткен ер адам өзіне бөгет жасаған ұлын өлтірді

Ресейде анасы екі ұлын тұншықтырып өлтірді

Шығыс Қазақстанда араққа тойып алған әкесі үш жастағы ұлын ұрып өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 18 күні кері

Ай, осы жағымпаздар да шаршамайды екен.Өздері құл болып қана қоймай, бізге де тықпалайды құлдық сананың пікірін.

Анонимно
1 ай 18 күні кері

Ендігі жетпегені осы еді.Осы одақтан не пайда көрдік тек жем болып жатырмыз

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар