Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда су тасқынынан жалпы саны 1000-ға жуық адам эвакуацияланды

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында болып жатқан су тасқынына байланысты, мыңға жуық адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ІІД төтенше жағдайлар комитетінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлады.

74ab9ac9303a6af37cdb67aabc5a5254

Сурет ҚР ІІД ТЖК

“Жалпы су 19 аудан, 6 қала мен 5 облысты қоса есептегенде 43 елді мекенді шайып кеткен. 513 үй, ұзақтығы 20 674 шақырымға жететін 190 автомобиль жолдарын су шайған. Сонымен қатар 115 жер мен 2 көпір де су астында қалған. Ал төтенше жағдай орын алған аумақтардан 961 адам эвакуацияланып, 17 адам құтқарылды. Қазіргі кезде 464 адам өз үйлеріне оралса, 29 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды”, – делінген хабарламада.

Негізінен су тасқынынан Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары зардап шегуде.

Қауіпті аймақтарда 34 274 қорғаныс бекеттері тұрғызылған.

“Төтенше құтқару жұмыстарына 3909 адам, 1079 техника бірлігі жұмылдырылған. Өзге облыстардан 403 адам мен 82 техника, ал Астанадан арнайы жедел қызметтерін атқаруға қауқарлы 104 адам мен 19 техника да оқиға орындарын да жұмыс істеп жатыр”, – делінген төтенше жағдайлар комитетінің хабарламасында.

photo_181898

e5de23c84893b8c7254d2bcd43ce5074

ae4e243b56540947b20c53547f136d89

Талқылау