Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жылжымайтын мүлік құны шарықтап кетті

Елімізде соңғы екі апта ішінде жылжымайтын мүлік бағасы өсіп кеткен. Пәтер құны 15 пайызға қымбаттаған. Ұлттық банктің бағаларды доллармен белгілеуге салған тыйымынан кейін, сатушылар бағаларды ұлттық валютамен белгілеп жатыр.

9c48e57fea5c7531afe735acf1bca904-big

Сурет forbes.kz сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ұлттық банк ақпан айының басында жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалауды тек теңгемен жүзеге асыру керек деп шешім шығарған соң, клиенттер пәтер басқа да мүлік бағалары төмендейді деп үміттенген еді. Алайда бұлай болмай шықты. Сатушылар бағаларды қазіргі таңдағы құбылған доллар курсына сай есептеген.

“Адамдар өз-өзін сақтандыруға тырысып жатыр. Пәтер бағаларын ертерек жоғары етіп қойып қояды. Сосын доллар курсы әдеттегідей тағы өсіп кетеді деп үміттенеді”, – дейді «Krisha.kz» жобасының жетекшісі Дмитрий Ботанов.

Нәтижесінде, пәтер бағалары 10-15 паыйзға бір-ақ өскен. Сатушылар жуық арада доллар 420 теңгеге дейін қымбаттайтынына сенімді.

“Сатушылармен қатар, жылжымайтын мүлік орталығында жұмыс істейтін адамдар және еркін делдалдар да бар. Егер, олардың екі-үшеуі қымбат бағамен пәтер жарияласа, бұл бәріне жұғады. Осылайша, шаршы метрдің жалпы құны қымбаттап шыға келеді”, – дейді банк секторының сарапшысы Ботагөз Жұманова.

Қазір Қазақстанда тұрғын үйге деген сұраныс азайып келеді. Мұны статистика агенттігі де, тәуелсіз сарапшылар да растап отыр. Әртүрлі бағам негізінде, елімізде сатып алу мүмкіншілігі 30 пайызға төмендеген. Мұның бірден бір себебі, сатушылардың бағаны тым қымбат қойып отырғандығынан.

Талқылау