Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік валютада сақтауға болатын депозит мөлшерлемесі төмендетіледі

2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кеңесі директорларының шешімімен сыйақының ең көп мөлшері теңгемен жылына 14%, ал шетелдік валютада дәл осы сыйақы 1% болмақ, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шешімімен жекеменшік тұлғаларға арналған депозиттердің бір жылдық сыйақысы 1%-ға дейін төмендетілмек. Ал отандық валютада сақталған депозиттердің сыйақы мөлшері бұрынғыдай сақталатын болады”, – делінген хабарламада.

Осылайша, осы уақытқа дейін жылына 1,5%-ды құраған сыйақы мөлшері 1%-ға дейін төмендетілді. Мұнымен қатар, депозит нарығында елеулі өзгерістер болған жағдайда, қор қызметкерлері аталған мәселені қайта қарауға шешім қабылдады.


Жіберіп алмаңыз:

Ақышев: Қазақстандықтардың зейнетақысы желініп жатқан жоқ

Ұлттық банк төрағасы жыл соңына дейін теңге бағамы қандай болатынын айтты

Істі болған Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы түрмеде ұлына қысым көрсетіп жатқанын айтты

Режиссерлер қай фильмдерде актерлердің шынымен жақындасқанын айтты

Талқылау