Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шенеуніктердің шетелдегі есепшоты жөніндегі банк құпиясы жариялануы мүмкін

Қазақстанда шенеуніктердің шетелдегі есепшоты жөніндегі банк құпиясы құпия сақталмауы мүмкін. Еліміздегі капиталдың шетелге кетуін тоқтату мақсатында Бас прокуратура осындай қадамға бармақ. Қазіргі уақытта ҚР Қаржы министрлігі аталған мәселені қарастырып жатыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Ақ жол» фракциясы шенеуніктер үшін банк құпиясы принциптерін шектеуді ұсынды. Бұған «жұмақ құжаттамасы» себеп болған көрінеді. Бір ай бұрын Журналистік зерттеулердің халықаралық консорциумы мен Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталыығы аталған құжаттаманы жариялаған еді. Құжаттамаға 13 миллионнан астам құжат енгізілген. Құжатта көрсетілген иелік етушілер қатарында қазақстандықтар да бар болып шықты. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов офшорға қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді. Ал «ҚазМұнайГаз» басшысы Сауат Мыңбаев шындығында да Бермуд аралдарында тіркелген Meridian Capital компаниясының акционері болғанын мойындады. Ол 2000 жылдардың басында мемлекет қызметкері мансабында үзіліс жасап, офшордағы үлес иегері атанған. Бірақ мемлекеттік секторға келе салысымен, өз үлесін үшінші тарапқа табыстаған екен.

Оқи отырыңыз:

БЖЗҚ банкротқа ұшыраған Delta Bank-тан ақшасын қайтара алмай отыр

Ақтөбелік көлік жүргізушілері газ іздеп, сандалып жүр

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары АИ-95 бензинін шығара бастады

Сауда алаңын ашу үшін астаналықтарға “ақша жинау” туралы ұсыныс айтылды

Талқылау