Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сайлау алдында әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін

Қазақстанда сайлау алдында танымал әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін. Егер желілерде депутаттыққа үміткерлер жайында тіл тигізу ақпараттары жазылатын болса, прокурорлар осындай қадамға барады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

spacefacts.ru_
Сурет smolensk-i.ru сайтынан алынды

Қазір үгіт-насихат жұмыстары  3 сағат ішінде жеткізілетін болған. Саяси партиялар түн ортасында өз баннерлерін, парақшаларын жапсырып, таңдауға шақыра алады. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаттыға үміткерлер санын және оның талаптарын жариялады.

Мамандар ресми түрде мәжіліске не жергілікті мәслихатқа үміткерлерді тіркеуді аяқтады. Енді 6 саяси партиядан 230 үміткер сайлауға түседі. Әбден ақша беріп не азық-түлікпен дауыс жинап үйренгендер сайлаудан мүлде шеттетіледі. Заңды бұзған партиялар мен белсенділер бір уақытта күрестен шығып қалуы мүмкін.

“Үміткерлердің пара беруі, үгіт-насихаттың дұрыс жүргізілмеуі, Орталыққа сайлау комиссиясына құжаттарды дұрыс өткізбеуі секілді өзге де жұмыстар қарастырылып жатыр”, – дейді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Владимир Фоос.

Негізінде үміткерлер арасындағы күрес, әсіресе, жергілікті мәслихат  депутаттығы үшін болып жатады. Ауыл, аудан, қала мен облыс атынан 11 мың адам дауысқа түспек. Біреулер жастығына сенсе, енді бірі тәжірибесін алға тартады. ОҚО-да 90 жастағы ақсақал депутаттыққа үміткер.

“Еліміздің жағдайын қайда жүріп те ойлауға болады. Ол, мәжілісте болсын, мәслихатта болсын, маңыздысы – халқыңа пайдаңды тигізу”, – дейді Бақыт Сыздықова.

Сонымен қатар, сайлау алдында танымал желілер бұғатталуы мүмкін. Егер үміткерлерге тіл тигізетін ақпарат таралатын болса, прокурорлар осылай істеуге мәжбүр. Егер сайлаудың соңғы сәттерінде қолданушылар үміткерлерге дауыс беруге шақырса, сайлау осылай тыныш күйінде өтпек.

Үгіт-насихат жұмыстары үшін 6 партия жарты миллиард теңге жұмсамақ. Ертең саяси бірлескен 4 партия үгіт жұмыстарын жүргізуге кіріседі. Билік партиясы мен, фермерлер, “Бірлік”партиясы, алғашқы насихат жұмыстарын Астанада өткізеді. Жалпыұлттық социал демократиялық және”Ақжол” партиясы өз жұмыстарын бәсекелестерінен сәл кештеу жүргізеді. Осының бәрін заң аясында өтуі үшін прокурорлар тексеретін болады.

Талқылау