Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанда сәрсенбі күні республиканың кей жерлерінде қар, жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысынің бірқатар жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Оқи отырыңыздар:

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелді соттады

 

 

Талқылау