Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда сәбидің бір жасқа дейінгі күтімі үшін төленетін жәрдемақыға қатысты жаңа ереже ұсынылды

Елімізде 2020 жылдан бастап әйелдерге сәбидің 1 жасқа дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақы анасы жұмысқа шыққан жағдайда да жалғасуы мүмкін. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі осындай ережені ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz

Қазақстанда сәбидің бір жасқа дейінгі күтімі үшін төленетін жәрдемақыға қатысты жаңа ереже ұсынылды

«Жаңа туған сәбилер мен олардың ата-анасын жұмыспен қамтылу статусына қарамастан, сәбиі бір жасқа толғанша минималды кепілдендірілген деңгейде тең дәрежедегі төлем құқығымен   қамтамасыз ету үшін, төлемді алушы еңбек немесе кәсіпкерлік қызметін қалпына келтірген жағдайда әлеуметтік төлемдерді жалғастыру ұсынылып отыр», - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Жақыпова бұл орайда мемлекет қорынан бөлінетін төлем мемлекеттік жәрдемақы деңгейіне дейін төмендейтінін атап өтті. 

Өз сөзінде вице-министр 2020 жылы сәбидің 1 жасқа дейінгі күтімі үшін республикалық бюджеттен бөлінетін мемлекеттік жәрдемақы бір бала үшін – 15 050 теңге, екі бала үшін – 17 794, үш бала үшін – 20 512, төрт және одан да көп бала үшін – 23 255 теңгені құрайтынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр