Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда президенттікке үміткерлерге 7,3 миллион теңгеден бөлінеді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына түсетін үміткерлердің республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығындарының мөлшерін белгілеу туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Осылайша, республикалық бюджеттен әр үміткерге 7 млн 331 мың теңгеден бөлінеді. 

ОСК президенттікке үміткердің республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығындарының мөлшерін белгіледі: бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 5 250 000 теңге; бағдарламаны радио арқылы баяндау - 200 000 теңге; мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында жариялау - 810 000 теңге; кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу - 200 000 теңге; үгіт материалдарын шығару - 400 000 теңге; көліктік шығындар - 471 200 теңге.

Сонымен қатар әр үміткер сайлау қорын құру үшін, үміткер мен оны ұсынған ұйымның қаржысынан тұратын уақытша есепшот ашады. 

«Бұл сома 510 млн теңгеден аспауы тиіс. Ал бұл қордың екінші бөлігі 637,5 мле теңгеден аспауы қажет – бұл азаматтар мен ұйымның ерікті түрде берген ақшасы», - дейді ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр