Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда педофилдер жайлы мәліметтер жазылған сайт ашылмақ

ҚР бас прокурорының орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, сайтта педофилдік әрекетінен қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар жайлы мәліметтер жазылады, – деп хабарлайды tengrinews.kz.

pedofik_vinnutsya

Сурет: fishki.net 

«Жақын күндері біз педофилдер сайтын құрамыз. Сайттан барлығы олардың суреттерін көре алады. Бұл АҚШ-та тәжірибесінде де қолданылады. Тіпті, сайт арқылы көршісінің педофил екенін білген адамдар да болған. Балаларды қорғау мақсатында осы сияқты бастамаларды қолға алып отырмыз», – деді Меркель.

Мәліметтер сайтына 1991 жылдан бері қылмысты болған педофилдер енгізіледі. «2016 жылы 1991 жылдан бергі кәмілетке толмағандарды жыныстық қатынасқа тарту ісі бойынша қылмыстық құқықбұзушылардың мәліметі жарияланады», – дейді ҚР бас прокуратурасының  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің хабарламасында.

Талқылау