Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пәтер иелері жалдамалы үй нарығындағы бағаны көтеруде

Маусым айындағы маусымдық баға құлдырауынан кейін жылдық орташа көрсеткіш ең жоғары шекке жетіп, шаршы метріне 1273 теңгені құрады.

Resize_of_DSCF0067

Бұл туралы STAN.KZ Ranking.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазан айының қорытындысындағы өсім генераторы Алматы мен Тараз қаласы болып отыр. 1 жылдың ішінде (2014-2015 жылдардың қазаны) Қазақстанда үйлердің жалға берілу құны 4 пайызға өсіп, шаршы метріне 1273 теңгеге жеткен. Елімізде Астанадан басқа барлық ірі қалаларда баға өсімі байқалады. Астанада жылдық төмендеуге (-1,7 пайыз) қарамастан баға әлі де еліміз бойынша ең жоғары болып тұр. Қазан айында елордада 1 шаршы метрді жалға алу құны 2,7 мың теңгені құраған болатын.

Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары. Екінші орында Алматы (2,5 мың теңге), ал үшінші орында Ақтау (2,2 мың теңге) тұр. Тараз, Жезқазған және Қызылорда қалаларында пәтерлерді жалдау құны ең төменгісі.

Нарықтағы баға өсіміне қарамастан мемлекеттік жалға берілетін үйлердің жеңілдік ставкалары өзгеріссіз қалып отыр.Алматы мен Астана қалаларында «Бәйтерек» холдингінің өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында салған жалдамалы үйлерінің құны 1 айға шаршы метріне 1120 теңгені құрады. Бұл аталған мегаполистердегі нарықтық бағадан 2 есеге төмен. Қалған өңірлерде мемлекеттік тұрғын үйді жалдау құны 923 теңгеге тең.

Талқылау