Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пара алудан бас тартқан қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттары жіберілді

ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті парадан бас тартқан өз қызметкерлеріне алғыс білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161110194549

ҚР ҚМ МКД ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың сөзінше, коррупцияға қарсы күрес жолында мемлекеттік органдардың 16 қызметкері мақтауға іліккен. Олардың біреуіне мерзімінен бұрын шен табыс етілсе, біреуі тамаша қызметі үшін медалмен марапатталған. Комитет басшылығы пара алудан бас тартқан төрт қызметкердің ата-анасына алғыс хат жіберіп, тағы сегізін ақшалай марапаттаған.

“Өкінішке қарай мен нақты қанша ақша берілетіні туралы білмеймін. Бірақ ақшалай сыйлық адам үшін қашанда жағымды. Біз параның орнын осылай ауыстырсақ дейміз”, – деді ол баспасөз мәслихатында.

Екі жыл ішінде мемлекеттік кіріс органдарының қызметкері 25 пара беру жағдайының алдын алған. Оның жалпы сомасы 77 миллион теңгені құраған. Мәселен, “Шымкент-Газ газ шаруашылығы” ЖШС директоры С. Юсуповке 30 млн теңге айыппұл салынған. Ол 1 млн теңге пара алу кезінде ұсталған. Алты жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктерінен айырылды.

Оқи отырыңыз:

Қазақ қызы түрік азаматына тұрмысқа шыққаны үшін қатты өкініп жүр

Мейрамбек Беспаевтың анасын құттықтауы қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

БҚО-да 6-сынып оқушысы әкесінен жыныстық зорлық көрген

Ақтөбе әкімі жиналыста көзіне тығылған ұйқымен алысты (видео)

Талқылау