Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері тағы да көтеріліп, 160 мың теңгеден асты

Елімізде орташа жалақы мөлшері көтерілді. Яғни  биылғы жылдың екінші тоқсанында бір қызметкердің орташа жалақысы 162 751 теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері тағы да көтеріліп, 160 мың теңгеден асты

«Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде –335,3 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 273,2 мың теңге (1,7 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 224,7 мың теңге (1,4 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 238,4 мың теңге (1,5 есеге асты), құрылыс саласында – 212,8 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 42,4%-ға төмен», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствода мәлімденгендей, өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді. Аталған өңірдегі жоғары жалақы – 291,3 мың теңге.

«Бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 111,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,7%-ға төмен», – дейді Ұлттық экономика министрлігіндегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау