Қазақстанда онлайн-сақтандыру енгізілетін болды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев заң жобасы сақтандыру қызметтерінің тек ірі қалаларда емес, сондай-ақ еліміздің өңірлерінде де қолжетімділігін арттыруға, халық пен бизнеске сақтандыру қызметтерінің сапасын арттырып, құнын төмендетуге, сақтандыру қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғау жұмыстарын күшейтуге және сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Заң жобасы онлайн-сақтандыруды енгізуді қарастырады. Бұл сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы кеңселерге бармай-ақ немесе агенттің араласуынсыз келісімдерге қол қоюға мүмкіндік береді.

Сәйкесінше, сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары мен автоматтардыруға, дербес деректерді қорғау мен киберқауіпсіздікке нақты талаптар енгізу көзделген.

Онлайн-сақтандыру географиялық қолжетімділікті қамтамасыз етеді және халық пен бизнеске сақтандыру қызметтерінің құнын төмендетуге жол ашады. Сақтандыру мен төлем рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі, бұл барлық бизнес-процестерді едәуір жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар онлайн сақтандырудың маңызды элементі Сақтандыру шарттары бойынша деректердің бірыңғай сақтандыру базасы (ДБСБ) болады. Деректер базасы бірыңғай есеп ұйымы әрі міндетті сақтандыру полистері бойынша «қойма» болады. «Деректердің эталондық базасын» қалыптастыру, оның өзге базалармен бірлесуі сақтандыру ұйымдарының клиенттері, премиялар мен төлемдер бойынша мәліметтердің дұрыстығын және сақтандыру тарифтерінің негізділігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ДБСБ халыққа өздерінің сақтандыру шарттарына «жеке кабинет» арқылы кез-келген уақытта кіруге мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, заң жобасы қазақстандық туристерді қорғау мақсатында шетелге шығатын туристің мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруға көшуді қарастырады.

Шетелге шыққалы тұрған туристі сақтандыру жұмыстарын туроператор міндетті сақтындыру бағдарламаларының бірі арқылы, баратын елі мен сапар күніне байланысты жүзеге асырады. Аталған бағдарламалар халықаралық талаптарға сай келеді және туристің өмірі мен денсаулығына тиюі мүмкін зардаптармен байланысты базалық әлеуметтік қатерлерді қамтиды. Қамту есебінен сақтандыру құны төмен болады, күніне шамамен 340 теңге. Дегенмен, сақтандыру орнын толтыру 3,4-тен 17 млн теңгеге дейін болады.

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені ескере отырып, заң жобасы жүктелген сақтандыруды енгізуді қарастырады. Оны енгізу сақтандыру шартының тараптарына клиенттің мүдделерін қорғайтын икемді сақтандыру ережелерін қарастыруға, сақтандыру өнімдерін жақсартуға және сын-тегеуріндердің нақты тізімін анықтауға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, заң жобасы тараптардың сотқа жүгіну құқығын сақтай отырып, сақтандыру омбудсменінің сақтандырудың барлық санатына өкілеттілігін кеңейтуді және Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорына қосымша кепілдіктер беруді қарастырады.

Оқи отырыңыз:

Астаналық бойжеткен шетелдік жігіттермен көңіл қосудың ерекшелігін айтты

Рудныйда зейнеткерді өлтіріп, тонап кетпек болған 19 жастағы үй күтушісі сотталды

Оралда пара алған қос полиция қызметкері сотталды

Ақтаулық ата-аналар мектептегі қазақ тілі пәнінен бас тартпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар