Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өлімге апаратын тұмау жайлы жалған ақпарат таратушылар іздестіріліп жатыр

Қауіпті кесел жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тез тараған соң бүгін Алматының шенділері тілшілерді жинап, қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеме жасады.

 1447807596_vakcina

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде лезде тарап үлгерген түрлі жазбалар қазір отандастарымыздың алаңдаушылығын тудырған. Дегенмен дәрігерлер сабырға шақырып отыр. 10 адамның, оның ішінде 3 баланың осы қауіпті кеселді жұқтырғанын растаған мамандар, «доңыз тұмауының» емделетінін айтты. Ал ғаламторда тарағандай жапай өліп жатқан ешкім жоқ деп сендірді эпидемиологтар. Әрі бұл кеселдің де кәдімгі тұмаудың белгілерінен айырмашылығы жоқтың қасы екен. Сондықтан, қызу көтеріліп, жайсыз сезінген бойда дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн. Бұл ретте, тұрғындардың алаңдауына да негіз бар. Өйткені қазір қауіпті кесел Украина мен Арменияда дендеп тұр. Мұнда жүзге тарта адам «доңыз тұмауының» құрбаны болған. Ал біздің елде жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргендердің ісімен полиция айналысып жатыр.

“Былтырмен салыстырғанда 7,1 пайызға жоғары, бірақ негізгі көрсеткіштен аспайды. 43 мыңнан аса адам тіркелді. Олардың 72,4 пайызы балалар. Барлығы дер кезінде анықталғандықтан ешқандай асқыну және өлім-жетім жоқ”, – дейді Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау комитеті эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Алмаш Ахметова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 10 адамның шошқа тұмауын жұқтырғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау