Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оқушы қыздардың қысқа белдемше киюіне тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандық оқушы қыздарға қысқа белдемше киюге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мәлімдеді.

Қазақстанда оқушы қыздарға қысқа белдемше киюге тыйым салынуы мүмкін

Вице-министрдің сөзінше, мектеп оқушыларына орамал тағуға тыйым салынғаннан кейін, қыздардың қысқа белдемше киетіні туралы көптеген сын айтыла бастаған, деп хабарлайды 24.kz арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Осыған байланысты біздің министрлік Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс тастады. Олар тиісті өзгертулерді енгізуді жоспарлап отыр», – дейді Берік Арын.

Таяуда вице-министр елімізде биылғы оқу жылының басынан бері 2 жарым мыңға жуық оқушы хиджаб киіп келгенін айтқан еді. Олардың дені орамалын шешіп, кәдімгі мектеп формасымен мектепке барып жүр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау