Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда несиесін төлей алмай отырған адам саны 1 миллионнан асып кетті

Қазақстанда несиесін төлей алмай отырған адам саны 1 миллион 102 мыңға жеткен. Ал еңбекке жарамды сегіз жарым миллион адамның 5 миллионнан астамы банктен несие алған. Яғни, еліміздегі әрбір төртінші адамның басында несие бар.

473bf242f01c3b4414b21804a129a6db-big

Сурет forbes.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ұлттық банк ұсынған мәлімет бойынша, несие алушылардың саны бойынша алғашқы үштікте Алматы, Астана қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Ал 837 мың несие алушының ісі, қарыз өндіру үшін коллекторлық агенттіктерге берілген. Олардың банктерге қарызы 1 триллион 2 миллиард теңгеден асқан.

Бар-жоғы төрт айдың ішінде несиесін қайтара алмай жатқан борышкерлер үлесі 32-35 пайызға дейін көбейген. Экономистер борышкерлердің көбеюіне девальвация мен доллармен алған несиені қайтару қиындығы әсер етуі мүмкін екенін айтады. Дағдарысқа байланысты әлі де көбеюі ықтимал.

Талқылау