Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда неке саны азайып, ажырасу көбейіп келе жатыр

Қазақстанда үшінші жыл қатарынан некелескен жұптар саны азаюда. Ал ажырасқан отбасылар саны жеті жыл қатарынан өсіп келе жатыр екен. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті хабарлады.

Boy with teddy bear and parents fightingСурет psyholove.ru сайтынан алынды

2015 жылы 148 769 неке тіркелсе, 2014 жылы 159 328, 2013 жылы – 168 417, 2012 жылы – 164 681, 2011 жылы – 160 494, 2010 жылы – 146 443, 2009 жылы – 140 386, 2008 жылы – 135 280, ал 2007 жылы – 146 379 неке тіркеуге алынған.

Сонымен қатар ажырасқан отбасыларға қатысты статистика былай сайрайды: 2015 жылы – 53 293, 2014 жылы – 52 673, 2013 жылы – 51 482, 2012 жылы – 48 513, 2011 жылы – 44 862, 2010 жылы – 41 617, 2009 жылы – 39 257, 2008 жылы – 35 852, ал 2007 жылы – 36 107 ажырасу дерегі тіркелген.

Талқылау