Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Назарбаевтың суреті басылған 10 мың теңгелік қағаз ақша пайда болды

Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті басылған 10 мың теңгелік банкноттар пайда болды.

15032266_1281669131904828_6629720829952697914_n

Бұл туралы “Хабар” арнасы жариялады.

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: Ұлттық валюта» тақырыбындағы конферения аясында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысы Н. Назарбаев бейнеленген жаңа 10 мың теңгелік банкнотты таныстырды.

«Жаңа банкнотта сақтар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тариx жинақталған. Ондағы галограмма – символдық бейнелер арқылы көрсетілген Астананың панорамалық бейнесіндегі қорғаныш элементтері. Ал ынтымақтастық идеясы Қазақстанның картасы көпұлтты xалықтардың ортақ үйі ретінде бейнеленген. Қазақ Елі монументіндегі самұрық құс кешегі мен бүгінгінің сабақтастығының белгісі болып табылады. Мерейтолық купюра Президенттің, Ұлт көшбасшысының ел дамуына сіңірген ерен еңбегінің көрінісін бейнелеуге бағытталған», – делінген банкнотты таныстыру бейнебаянында.

15027800_1281669038571504_5787210195393913736_n

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздігіне сіңірген еңбегін ескере отырып, аталған купюраны шығару туралы шешім қабылданды. Әлемде ондай тәжірибелер баршылық.

«Бұл – жаңа тақырып емес. Нельсон Манделла, Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куаню, Уинстон Черчил және тағы басқа көшбасшылар өз елдерінің қазіргі валютасында бейнеленген»,- дейді Д.Ақышев.

Жаңа купюра 1 желтоқсан күні шектеулі таралыммен бастырылады.

Оқи отырыңыз:

Мұхамедиұлы өзін кінәлаған студент қызды сотқа берді

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елшімен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты

Қазақстан заңнамасына сексуалдық әлімжеттік туралы бап енгізілмек

18 жастағы жігіт «ВКонтакте» желісіне аудиожазба жүктегені үшін сотталуда

Талқылау