Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мұрағатта сақталып келген саяси репрессия құрбандары жайлы веб-портал құрылды

Елімізде «1930-1953 жылдарда саяси репрессияға ұшырағандар жайлы мәлімет жазылған «Мемориал» веб-порталы құрылды. Онда 109 мыңнан астам құрбан болғандар жайлы ақпарат енгізілді», – деп мәлімдеді Қазақстанның ІІМ-нің бірінші орынбасары Марат Демеуов.

10999924

Сурет: ©Елена Бережная

«Біз «Мемориал» веб-порталын ашқалы отырмыз. Бұл портал арқылы репрессия құрбандарын, реабилитация жайлы ақпарат алуға болады. 2016 жылы портал электронды базамен толыспақ», – деді Демеуов.

Оның айтуынша, 2015 жылы ІІМ-не репрессия құрбандарының туыстарынан, зертеушілерден, қоғамдық ұйымдардан және мұражайм ен мемлекеттік органдар тарапынан барлығы 555 өтініш пен ұсыныстар келіп түскен. Оның ішінде 442 өтініш қазақстандықтардан, 105-і ТМД елдерінен және 8-і шетелден келген.

«2014 жылы ІІД мен қаіпсіздік комитетінде реабилитация мен репрессияға ұшырағандарға, соның ішінде ҰОС-да пленге түскен Кеңес әскерлеріне қатысты қылмысты іс мәліметтері қарастырылды. Сондай-ақ, репрессияға ұшыраған қазақ ағартушылары, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллинге қатысты және өзге де мұрағаттық материалдар қаралды», – деп қосты министр орынбасары.

Презентация барысында жарияланған мәліметтерге РСФКР ҚК 58, 59-бабына сәйкес және өзге де республикаларында әр түрлі қылмысқа байланысты айыпталған азаматтар жайлы ақпараттар енгізілгені айтылды. Бұл мәліметтер бұған дейін ҚР ІІМ-нің арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аймақтық бөлімдерінде сақталып келген.

Талқылау