Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ел аумағында мешіт салудың ережесін бекітті. Яғни бұдан былай мешіт салғысы келгендер мүфтият бекіткен талаптарды сақтауы тиіс.

Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді

Ендігі мешіттер келетін жамағаттың санына байланысты үш деңгейде салынатын болады. Осылайша, ауылдық мешіттер 70-тен 500 адамға, аудандық мешіттер 500-ден 1 000 адамға, ал облыстық әрі қалалық мешіттер 1000-нан 5 мың адамға арналуы тиіс, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

Сонымен қатар мешіттердің құрылысы бұдан былай заманауи талаптарға сәйкес жүргізілуі керек. Ал мешіттің күмбезі, мұнарасы, іші мен сырты жергілікті дәстүрге  сай безендірілуі қажет.

Айта кетсек, бүгінде елімізде 2 626 мешіт бар екен. Олардың 38-і өткен жылы пайдалануға беріліпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау