Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мереке күндері қар жауып, боран болады

Мереке күндері – 16-17 желтоқсанда Қазақстанда қар жауып, боран соғады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

1428127894nrlk8

«Моңғолиядағы қуатты антициклон демалыс күндері республиканың басым облысында ауа райының жауын-шашынсыз болуына ықпал етті. Оңтүстік аймақтарды ескермегенде, температура нормадан 3-9º жоғары болды. Оңтүстік өңірлерде температура нормадан 1-3º төмен болды. Алдағы тәуліктерде антициклонның ықпалы сақталады»,- делінген хабарламада.

«Қазгидромет» ақпаратынша, Поволжьеде пайда болған циклон Қазақстан арқылы солтүстік-шығысқа қарай ығысады. Осылайша алдымен батыста, кейін мереке күндері – 16-17 желтоқсанда қалған аймақтарда қар жауады, көктайғақ, боран соғып, жел жылдамдығы кей жерлерде 15-25 м/с дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы бұрынғыдай  0º шамасында болады, бұл аталған мерзім үшін көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары.

 

Талқылау