Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қоғамдық орындарда мас күйінде көрінуге тыйым салынды

Мемлекеттік қызметкерлерге қоғамдық орындарда мас күйінде көрінуге тыйым салынды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министр Айгүл Шайымова мәлім етті.

pic_9410_6507

Жүргізіп жатқан реформалар аясындағы әзірленген шараларға тоқталған ол, алғаш рет жаңа Этикалық кодекс аясында қызметкерлердің түрлі жағдайларда жүріс-тұрысының стандарттары айқындалғанын, яғни бұнда оның жұмыс уақытындағы тәртібі, әріптестерімен қатынасы және қызметінен тыс уақыттағы жүріс-тұрысы ескерілгенін жеткізді.

Мәселен, мемлекеттік қызметкерлерге адал, әділетті және қарапайым әрі сыпайы болуы секілді талаптар қойылады. Олар шешім қабылдаған кезде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, яғни бұл ең басты өлшем және ең басты талап болып саналады.

«Қызметінен тыс уақытта олар қоғамға қарсы мінез-құлық әрекеттерге, оның ішінде қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдікке масайған күйінде болуына жол бермеуі тиіс. Белгіленген стандарттарды қатаң сақтау – халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімін арттыра түседі», - деді ол.

Талқылау