Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің темекі тарту мен шай ішуге жұмсаған уақыттары бақылауға алынбақ

Енді бұдан былай елімізде мемлекеттік қызметкерлердің үзілісті пайдаланып темекі тартып, шай ішуге жұмсаған уақыттары да есептелетін болды.

9579478

Фото: Sputnik Казахстан

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

ҚР мемлекеттік қызметтер және коррупцияға қарсы күрес агенттігі басшысының орынбасары Айгүл Шайымованың айтуынша, мемлекеттік органдарға енгізілетін өзгерістер барысында жаңа тайм-менеджмент мәселесі де қарастырылмақ.

“Бұл қызметкерлердің уақытын есепке алу деген сөз. Қазір мемлекеттік органдарда шұқшиып компьютерге үңіліп қызмет істейтіндер, арасында темекі тартуға, шай ішуге шығып кететіні жасырын емес. Бұған әлбетте назар аудару керек”, – деді ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңын талқыға салған сенат отырысында.

“Сол себепті мұның бәрін есепке алу керек. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытын тайм-менеджмент қағидасы аясында атқарады”, – деді агенттік төрағасының орынбасары.

Оқи отырыңыз:

Жолақ колготки киіп келген Бірғаным Әйтімова депутаттарды таңқалдырды

Мұхамедиұлының даусын телефонға жазып алған тағы үш қыз министрдің былығын ашуға дайын

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы туралы айтып берді

Қарағандыда 7 жыл бойы жасырынып жүрген шенеунікті соттап және амнистия жариялады

Талқылау