Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда маусым айы салқын болмақ

Синоптиктер маусым айындағы ауа-райына болжам жасады. Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлайды.

c065f-fdec-4fac-9e87-c990856b6f55_big

Сурет gorod55.ru

Маусым айының басында салқын жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігіндегі ауа температурасы 1-6 градус жылы болмақ. Кей өңірлерде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, аяз болуы да мүмкін.

Кейбір аймақтарда климаттық нормадан жоғары ауа температурасы көрсеткіштері орын алмақ.

Күнтізбе бойынша жаздың басталуы, 30-35ºС, кей жерлерде 38-41ºС, дейін көтерілетін максималды, аптап ыстық ауа-райымен басталмақ. Әлбетте бұл, климаттық нормадан 5-10º. жоғары.

Республикамыздың басқа аумақтарында Батыс Сібірден келетін суық атмосфералық фронттардың әсерінен, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр, екпінді жел, жекелеген аудандарда бұршақ күтіледі. Ауа температурасы әдеттегі осы мезгілге тән температурадан 1-3ºС. төмен болмақ.

Ал жаңбыр Маңғыстау облысына маусым айында көп түсуі мүмкін. Есесіне Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарында жауын-шашын аз түседі.

Талқылау