Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мақтан құмар жас жұбайлар үйлену тойын қалай ерекше өткізіп жүр (видео)

Қазақстандықтар үйлену тойдың есте қалатындай, ерекше өтуіне барын салып жатыр. Солардың бірнеше мысалын келтіре кетейік.

b0582ab74b4007cbd632b2c64c84bf58

Бұл туралы ztb.kz хабарлайды.

Жас жұбайлардың жеке көліктері болмаса да, олар тойына қымбат көліктерді міндетті түрде жалдайды. Тіпті, сол көліктермен жол ережесін де бұзып жатады.


Флешмобқа қатысатындар саны көп болған сайын тойдың табысты табысты болғаны бағаланады. Тойды әдетте жас жұбайлардың достары ұйымдастырады.

Жас жұбайлардың көбісі, әсіресе, сурет пен видеотүсірілімге ақшаны аямай жұмсайды. Тіпті бір күніне 75 мың теңге тұратын арнайы крандарды жалдайды.

Қазір ешбір той жастардың махаббат оқиғасынсыз өтпейді. Оны түсіру үшін де қымбат киімдер, сағат, зергерлеік бұйымдар сынды заттар керек. Ол үшін де аз шығын шықпайтыны белгілі.

Қала көшелерін аралау үшін жұбайлар лимузин жалдайды. Олар тіпті, банкет залына дейін лимузинмен кіруді әдетке айналдырған.

Қымбат тойдың тағы бір белгісі – жұлдыздарды, танымал адамдарды шақыру. Неғұрлым танымал адамдарды шақырған сайын, той керемет өтті деуге болады.

Қалыңдықтың құрбылары көп болған сайын күйеужігіт шығынға бата береді. Өйткені, құрбы қыздар одан қалайда ақша алу үшін небір қулыққа барып жатады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы той кортежі кезінде тәртіпсіздік орын алды (видео)

Шымкентте қымбат көлікті той кортежінің тайраңы жұрттың наразылығын туғызды

Семейде той кортежі көпір үстіндегі қозғалысты жауып тастады (видео)

Талқылау