Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда лазерлі таяқша сәбидің қолында жарылып кетті

Рудный қаласында лазерлі таяқша алты жастағы жеткіншектің қолында жарылып кеткен. Бұл жайлы Қостанай облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

maxresdefault

Сурет www.karakurt.ru сайтынан алынды

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Лазерлік таяқшаны анасы дүкеннен сатып алған. Ойыншықты ылғалды қолмен ұстаған бала, оның тіпті жарылатынын да аңдамай қалған. Нәтижесінде жеткіншектің қолы күйіп қалды.

«Балаға ойыншықты анасы сатып алып берген екен. Тәртіп сақшылары ата-ананың сотқа баруын өтінді», – делінген ішкі істер департаментінің хабарламасында.

Лазерлік сәуле әсіресе, көз жанары үшін қауіпті. Осы себепті көрші Өзбекстан үкіметі 2013 жылы ел аумағында лазерлік таяқшаны қолдануға тыйым салған еді. Бұл біріншіден тауардың заңсыз тасымалданатыны себепті, екіншіден адам денсаулығына зиян болғандықтан тыйым салынған.

Ресейде де 2011 жылы «лазерлік ереже бұзушылық бойынша» қылмыстық іс қозғайтын заң қабылданған.

Талқылау