Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда латын қарпінде алғашқы қоғамдық диктант өткізіледі

14 қарашада бүкіл Қазақстан бойынша латын қарпінде алғашқы диктант жазу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  латын графикасына көшуді үйлестіру басқармасының басшысы Жомартбек Айменов мәлімдеді.

Қазақстанда латын қарпінде алғашқы қоғамдық диктант өткізіледі

Жомартбек Айменовтың сөзінше, диктант бүкіл республика бойынша 14 қарашада сағат 11:00-де басталады. Ол өңірлік тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда, әлеуметтік желілерде онлайн тәртіпте және республикалық радиостанцияларда тікелей эфирде өтеді. Науқанның ұзақтығы 30 минутқа созылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Бұл латын қарпін танымал ету және кеңінен тарату мақсатындағы алғашқы жалпыреспубликалық науқан. Қоғам қазақ тілінің жаңа графикасын қалай қабылдайтынын талдаудан өткізу үшін диктант өткізілуін ұйымдастырдық. Диктантқа баға қоюды қарастырмаймыз», – дейді Айменов.

Сонымен қатар ол кез-келген адам диктант жазуға қатыса алатынын айтты. Сонымен қатар бастамашыл топтар диктант өткізілетін орындарды ұйымдастыра алады.

Астана қалалық әкімдігінің мәліметінше, елордада 50 мың адам диктант жазатын болады. Шараға 15 жасқа толған барлық азамат қатыса алады.

Көлемі шамамен 80-90 сөз болатын диктант мәтінін аудиожазба арқылы тарату жоспарланып отыр. Ол арнайы дайындалған орындарда, «Шалқар», «Қазақ радиосы» радиоларының эфирінде таратылады.

Диктантты онлайн тәртіпте жазу мүмкіндігі де қарастырылған. Ол үшін науқан кезінде emle.kztilalemi.kz сайттарын ашу керек. Сонымен қатар науқан соңында аталған сайттардан мәтіннің дұрыс нұсқасын көруге болады. Диктантқа қашықтықтан қатысқан қатысушылар кері жауап алу үшін, жазылған мәтінді суретке түсіріп немесе сканерден өткізіп, [email protected] мекен жайына жіберуі тиіс.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау