Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қара жамылып, сақал өсіруге күзден бастап тыйым салынуы мүмкін

Елімізде қара киім оранып, сақал өсіруге күз айынан бастап тыйым салынуы мүмкін.

2814_0

Қазір мамандар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, сарапшылардың, зангерлер мен халықтың пікірін алып жатыр, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Бұған дейін елбасы Қазақстанда қара киім киіп, сақал өсіруге тыйым салуды ұсынған еді.

«Азаматтардың киіну еркі өзінде, алайда кей азматтарымыз елдің көзіне түсетіндей бөлекшеленіп кетті. Бұл тек ішкі артрибуттар, ондағы маңызды мәселе олардың құрылуы болып отыр. Олар осылай киіну арқылы қазіргі қоғамды қабылдамайтындарын аңғартады. Халықтың мәдениеті мен дәстүрін сақтамайды», – дейді Дін істері мен азматтық қоғам министрлігінің орынбасары Берік Арын.

Радикалдармен арнайы топтар күресіп жатыр. Топтың жалпы саны – 300, оның 9-ы Алматы қаласында. Оларды құрамына теологтар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері кіреді.

«Мен өз басым орыс тілінде тексеріп жатырмын. Өйткені, Заря Восток мешітіне көп ұлттың өкілдері келеді. Ол жақта қазақтар тұрмайды. Сондықтан қазақ тілін түсінбейді», – дейді мешіт имамы Қазыбек Ахметов.

Тағы да оқыңыз:

Науқас қыздың анасы қайырымды жандардың 10 млн теңгесін басқа мақсатта жұмсаған

Қазақстанда жеке куәлік пен паспортты 3 сағатта дайындап беретін болды

17 жыл бала сүюді армандаған әйел бірден 6 баланы өмірге әкелді (фото)

Қытай әншісі Димашқа Бейжің орталығынан дыбыс жазу студиясын сыйлады

Талқылау