Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қыз алып қашуға қатысты істер көбіне тараптардың татуласуымен аяқталады

Былтыр Қазақстанда қалыңдық ұрлығына қатысты 12 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментіне сілтеп ҚазАқпарат.

Қазақстанның өңірлерінде қыз алып қашу дәстүрі сақталуда. Алайда заң өзгерген бүгінгі жағдайда егер қызды келісімінсіз алып қашса, бұл тұрғыда тиісті жаза қарастырылған екен.

«2016-2017 жылдары елімізде қалыңдық ұрлауға қатысты 12 қылмыстық іс тіркеліп, оның екеуі сотқа жолданды. Ал қалғандары тараптардың татуласуы және қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылды», – деп атап өтілген ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінде.

Сонымен қатар ведомство өткен жылы отбасындағы дау-жанжалдарға қатысты тіркелген деректерді де хабарлады.

«2017 жылы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73 бабы бойынша (отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарда заңға қайшы іс-әрекеттер) 27 мың құқықбұзушылық тіркелді», – делінген министрлік жауабында.

Оқи отырыңыз:

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Назарбаев пен Трамптың келіссөзінде қандай мәселелер талқылануы мүмкін екені белгілі болды

Талқылау