Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қыруар қаржыға пантеон салу Аружан Саинның ашуын келтірді

Науқас балаларды емдеуде  айтарлықтай көмек қолын созып жүрген қордың директоры Аружан Саин  елімізде пантеон салуға түбегейлі қарсы. Қоғам белсендісі министр Арыстанбек  Мұхамедиұлының «Пантеон құрлысына қарсылар «Жүз жылдық жалғыздық» кітабын оқығаннан кейін түсінеді» деген сөзіне жауап берді.

аружаннн

Бұл туралы Stan.kz  сайты Аружан Саинның facebook парақшасындағы жазбасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Пантеон құрлысына қарсы, «Жүз жылдық жалғыздық» кітабын оқыған адам ретінде  мен қайтыс болғаннан кейін министр пантеонға жерлемекші болып жатқан адамдардың тізімін білгім келеді. Олардың өзінен қайтыс болғаннан кейін сол жерде «жатқылары» келеді ма?, жоқ па? соны сұрап білгім келеді. Мүмкін олардың арасында бөлініп отырған 79 миллионды, (ақыры осы адамдар үшін бөлген екен) тірі кезінде денсаулығы мен өміріне пайдаланғысы келетіндер бар шығар»,-дейді Аружан Саин.

Қағам белсендісі  соңғы он жылда науқас балаларға жиналған қаржы мен соның арқасында қанша бүлдіршіннің денсаулығы, өмірі жақсарғанын нақты сандармен айтып өтті.

«Мысалы,  қазақстандықтар соңғы он жылда  науқас балалар үшін 2 миллиард теңге жинаған. Осы қаржының көмегімен 1 410 баланың денсаулығы мен өмірін жақсарды. Осыдан артық бағалы не бар?»,-деп сұрақ тастайды қоғам белсендісі.

Аружан Саин азаматтарға пантеон құрлысын талқылаудың өзі артық екенін айтады. Одан да осы қаржыға аурухана, бейімдеу орталықтарын салуға, дәрігерлердің сауаты мен тәжірибесін арттыруға жұмсалса деген ұсыныс айтады.

«79 миллиард деген қандай үлкен қаржы. Ал, науқас  адамдарға берілетін  көмек ақы 10 АЕК көлемінде. Министрлердің осындай ұсыныстары ең көнбіс адамдардың бас көтеріп, ашуын ояту үшін айтылатын сияқты. Өмір сүруіміз үшін барлық жағдай жасалып, енді өлімге дайындалу ғана қалған сияқты мына бастамалар. Адам өмірден өткеннен кейін халқы үшін істеген тірліктерімен жұрт есінде мәңгі  қалады. Ұрпағы мақтан етіп айтатын жақсылығы болады. Мен өзінің атақты шығармасын жазған кезде Маркс қазір айтылып отырған ессіз шығындар жайлы айтпағанына сенімдімін»,-деп қорытындылады өз сөзін Аружан Саин.

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған дейін Астана тұрғындарының алдында есеп беру кезінде ” Пантеон әрбір мемлекетте бар, Сондай-ақ ол бізге қажет зат” деген болатын.

 

Талқылау