Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қыруар қаржы тағы мақсатына жұмсалмай қалды

Есеп комитеті көлік саласына бөлінген 540 миллиард  теңгенің 200 миллиардқа жуығын шенеуніктердің талан-таражға салғанын анықтаған.

11

Қолда бар ақшаны ұқсата алмаған шененіктер қазір тергеушілерге жауап беруде, деп хабарлайды КТК.

"Халықаралық Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізі бұған дейін де талай рет кейінге қалдырылған болатын. Оның құрылысы 2012 жылы аяқталуы керек еді. Бұдан кейін мерзімі  үш рет ауысты. Енді 2016 жылы да кешігуі мүмкін. Өйткені, Алматы-Кермес бағытындағы 32 шақырым жолдың құрылысы аяқталмаған", – деді Есеп комитетінің мүшесі Александр Горянинов.

Айтынша, Астанадағы әуежай мен темір жол арасында қатынайтын  жүрдек автобустарға арналған  жол  мүлдем салынбайтын болды. Үкімет бұл жобадан бас тартыпты.  Елорда әкімдігі  құрылысқа  бөлінген 9 жарым миллиард теңгені мердігер компаниядан  желтоқсанның соңына дейін қайтарып алмақ.

Шенеуніктер аймақтағы тас жолдың құнын әртүрлі белгілеген. Мәселен, Павлодарда  бір шақырым жол 393 миллион болса, Астана-Алматы тас жолы 1 миллиард 100 миллионға салынған. Мұндай айырмашалық тексерушілердің таңданысын туғызды.  Тіпті лауазымды 3 шенді  жауапқа тартылып, тағы бірнеше іс тергеліп жатыр. Соған қарағанда бюджет миллиардттарының игерілмеуі тағы шулы қылмыстық істерге түрткі болады.

Талқылау