Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда құлдыққа адам сатып алғысы келетіндер көбейген

Қазақстандықтар көбінесе құл, қару, есірткі және жалған құжаттар сатып алуға құмар болып шықты. Аталған сұраныстар Yandex іздеу жүйесінде тұрақты түрде теріліп тұрады екен.

b4b4e4260ef479e44d915733052cbbfe

Бұл туралы “Экспресс К” басылымы хабарлайды.

Yandex өз статистикасын көруге мүмкіндік бергендіктен де, ондағы біздің азаматтардың қылмысқа қаншалықты иек артқандығын байқауға болады. Мысалы, соңғы айда “құл сатып алу” (купить раба) сөз тіркесін 43 қазақстандық жазыпты.

Бұл жерде “әйел сатып алғысы” келетіндер де аз емес. 170 жігіт интернетке осылай деп үміт артыпты.

Дегенмен есірткі сатып аламын деушілер аз болып шыққан. Небәрі 38 адам. Есесіне қаруға деген әуестігін жасыра алмаушылар баршылық: 605. Сонымен 190 адам жалған құжаттардың қызығына батқысы келеді екен.

Қылмыстық бизнес негізінде сатып алушының мекен-жайын жасырып қалатын Tor браузерін пайдаланады. Бұл өте баяу интернет, бірақ, оның көмегімен барлық елдің төлқұжатын, қаруын, есірткісін және құлдарын сатып алуға болады. Тіпті Tor арқылы үшінші әлем елдерінен қыздар да сатып алуға болады деген ақпарат бар. Алайда АҚШ-тың орталық барлау басқармасы бұл браузерді бұзыпты деген сыбыс шықты. Енді олар кез-келген “қылмыстық тауардың” үстінен түсуі әбден мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар қарызын өтемесе де ұшақпен сапарға шыға алатын болды

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Ұлттық мүддеге зиян тигізген адамды азаматтықтан айыратын заң жобасы мақұлданды

Талқылау